Микроағзалар жинағы зертханасы

Зертхана меңгерушісі – М.Мамбеталиев, ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 163 ғылыми еңбектің, оның ішінде 37 өнертабыстың авторы, 1 ғылым кандидатын, 2 ғылым магистрін дайындады. «Ерен еңбегі үшін» (1983ж) медалімен және Жамбыл облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен (2008 ж) марапатталған.

Зертхананың негізгі міндеттері:

–          Микроағзалар жинағының штаммдарын депонирлеу, сақтау және биологиялық белсенді жағдайда ұстау;

–          Жинақты жаңа изоляттармен және штаммдармен толықтыру;

–          Микроағзалардың қайта келіп түскен изоляттары мен штаммдарының биологиялық қасиеттерін бастапқы зерттеу, мұражайлық үлгілерді төлқұжаттандыру;

–          Вакциналық, сондай-ақ диагностикалық препараттарды дайындау және бақылау үшін қажет өндірістік және бақылау жасау штаммдарының матрикстерінің биологиялық белсенділігін кезеңдік тексеру және жаңалау;

–          Патенттік процедура мақсатында аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарының штаммдарын депонирлеу;

–          Институттың басқа бөлімшелерін ҒЗЖ үшін вирустардың штаммдарымен және олардың биомассаларымен қамтамасыз ету;

–          Қоршаған ортаға қауіпті биологиялық агенттерді кездейсоқ шығаруды болдырмау үшін олармен жұмыс кезінде аса қауіпті патогендердің штаммдарын сақтау тәртібін және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Зертхананың негізгі жетістіктері:

–          Шекаралас мемелекеттерде де, Қазақстан Республикасының аумағында да жануарлар мен құстар арасында кездесетін вирустық экзотикалық аурулардың, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарының штамдарын жинау.

–          Микроағзалар жинағындағы ғана емес, институттың басқа да зертханаларындағы микроағзалар штаммдарының қозғалысын есептеуге арналған «Патогендік материалдарды есептеу жүйесі» БҚ еңгізілді;

–          Зертханаларда патогенділіктің І және ІІ тобындағы микроағзалармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін биологиялық қауіпсіздіктің II+ сыныбы деңгейіндегі вирусологиялық бокстар құрылды;

–          Қауіпті патогендерді қорғаудың үш деңгейлі жүйесіне ие патогендердің арнайы қоймасы құрылды, сондай-ақ автономды тәртіппен жұмыс істейтін электрстансасы орнатылды;

–          2004 жылы жинақ культуралар жинағының бүкіләлемдік федерациясының құрамына кірді;

–          1997 жылдан бері зертхана қызметкерлері 70-тен астам мақалалар жариялады, оның 15-і шетелдік басылымдарда жарық көрді, вакциналық препараттарға 11 ҒТҚ жасалды, өнертабысқа 37 авторлық куәлік алынды;

–          Зертхана қызметкерлері ҚР-ның 9 ҒТБ аясында 14 жобаны орындауға қатысты, сондай-ақ ХҒТО желісі бойынша 4 жобаны және АҚШ ҚМ DTRA желісі бойынша 3 келісімді орындауға атсалысты және АҚШ, РФ, Қырғызстанда өткен 4 конференцияға қатысты.

Зертхананың даму болашағы.

-Микроағзалар жинағының қызметін микроағзалардың жаңа штаммдары мен изоляттарымен толтыру жолымен, сондай-ақ биологиялық қорғау және биологиялық қауіпсіздік жүйесін күшейту арқылы жетілдіру;

-Шошқалардың репродуктивтік-респираторлық синдромына және түйе шешегіне қарсы алдын алу құралдарын жасау.

Коллектив лаборатории
Заведующий лабораторией