Торшалық биотехнологиялар зертханасы

Зертхана меңгерушісі – А.К.Наханов, биология ғылымдарының кандидаты, 40 – тан астам ғылыми еңбектердің (оның 11-і шетелдік басылымдарда жарық көрген) және 6 авторлық куәлік пен 1 монографияның авторы.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:
–    Халықаралық культуралар жинағы федерациясы қабылдаған талаптарға сәйкес, торшалық материалдар сапасына типтік төлқұжат және біртұтас талаптар жасау;
–    Торшалық желілердің генетикалық өзгермелілігіне культивациялау талаптарының ықпал етуін зерттеуге арналған көп жылдық ғылыми зерттеулер жүргізу негізінде торшалық культуралармен жұмысты үнемі жетілдіру;
–    Түбегейлі және қолданбалы биологиялық медициналық, ауыл шаруашылық және биотехнологиялық зерттеулерді стандартты және толықтай сипатталған торшалық материалдардың үлгілерімен қамтамасыз ету;
–    Культурадағы торшалар биологиясы саласында зерттеулер жүргізу;
–    БҒПҒЗИ-да бар және келіп түскен торшалар культурасына цитологиялық және кардиологиялық зерттеулер жасау;
–    Торшалық биотехнологияның ғылыми негізін дамыту;

Зертхананың негізгі жетістіктері:
–    Жаңа торшалық желілер алынды (БТ, КБ);
–    «ПСП», «ПСС» қоректік орталары жасалды;
–    Медицинада пайдалану үшін торшалық препараттарды бөлу, культивациялау және сақтау бойынша зерттеулер жасалды. Алынғанспецификалықторшалар (бета-торшалар) ауруларды трансплантация әдісімен емдеу үшін А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында (ҰҒХО), көз ауруларының ҚазҒЗИ-да және Шымкент қаласындағы эндокринологиялық диспансерде пайдаланылуда;
–    Әр түрлі ұлпалардан торшаларды, оның ішінде бағандық торшалардан микрокапсуляциялау әдісі жасалды;
–    Офтальмологияда көздің мөлдір қабығының жарақатын емдеу үшін бағандық торшалар жасалды және іске асырылды;
–    «Коллаген+лимба өскіндік торшаларын культивациялау» биоқұрастырылымы жасалды, оны ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі дәлелденді;
–    «Коллаген+лимба өскіндік торшаларын культивациялау» биоқұрастырылымының көмегімен көздің мөлдір қабығының күйігін және оның салдарларын хирургиялық емдеу тәсілі жасалды, оның сынақ кезіндегі және клиникадағы тиімділігі дәлелденді.

Зертхананың даму болашағы:
–    Заманауи халықаралық деңгейдегі торшалық культураны пайдалану арқылы жұмысты дамыту үшін қажет инфрақұрылым құру;
–    Торшалық культуралар бойынша мәліметтердің ақпараттық базасын жасау;
–    Бағандық торшаларды, олардың бағытталған дифференцирленуін зерттеу;
–    Культурадағы торшалар биологиясын зерттеу, жаңа торшалық желілер жасау;
–    Ұлпаның орнын басатын және торшалық терапия үшін торшалық технологиялар жасау.

Заведующий лабораторией
Коллектив лаборатории