Инфекциялық аурулар диагностикасы зертханасы

Зертхана меңгерушісі-Ж.Қ.Қошеметов, биология ғылымдарының кандидаты, 167 ғылыми жарияланымдар мен 35 авторлық куәліктің авторы. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (2010 ж) «Құрмет» орденімен және ҚР БҒМ-нің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2010 ж) төсбелгісімен марапатталған.

Зертхана қызметінің негізгі бағыттары:
-Ауылшаруашылығы жануарларының, құстар мен мамық жүнді аңдардың вирустық және бактериалдық ауруларын зертханалық диагностикалаудың жаңа құралдарын жасау және іс жүзінде бар құралдарын жетілдіру.
– Аса қауіпті инфекциялық аурулардың вирустарын индикациялаудың әдістерін жасау;
– Аса қауіпті инфекциялық аурулардың тиімді, жылдам және заманауи диагностикасының әдістері мен тәсілдерін жасау, талдау;
– Вирусологиялық, микробиологиялық және молекулярлық-биологиялық талдау әдістерімен вирустық және бактериялық инфекциялардың даму механизмен зерттеу;
– Биологиялық үлгідегі вирустық және биологиялық инфекциялар диагностикасы;

Зертхананың негізгі жетістіктері:
Зертхана қызметкерлері:
Диффузиондық преципитация реакциясы, гемагглютацияны тежеу реакциясы, комплементті байланыстыру реакциясы, антиденені флуюрецирлеуші әдіс, бейтараптандыру реакциясы, иммуноферменттік талдау, полимераздық тізбектік реакция, мүйізді ірі қараның обасы, қой шешегі, А типті тұмау, жылқы тұмауы, блютанг, мүйізді ірі қараның инфекциялық ринотрахеиті, вирустық диаррея, Ауески ауруы, бруцеллез, пастереллез, жылқы лимфангоиты, етқоректілердің инфекциялық гепатиті, етқоректілердіңпарвовирустық энтериті, етқоректілердің обасы, қойлар мен ешкілердің контагиозды эктимасы кезінде шынайы уақыт тәртібіндегі полимеразды тізбектік реакциясы тест-жүйелеріне нормативтік-техникалық құжаттаманың 73 жинағын жасады.
–    386 ғылыми мақалалар жарық көрді;
–    Диагностикалау тәсілі мен вирустық және бактериалдық этиологиялардың қоздырғыштарының штаммдарына 65 авторлық куәлік алынды.

Зертхананың даму болашағы:
–    А, О және Азия-1 типті аусыл вирусына диагностикалық препараттар және диагностикалау әдістерін жасау.

Коллектив лаборатории
Заведующий лабораторией