Әкімшілік

 

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары – биология ғылымдарының кандидаты Сандыбаев Нұрлан Тамамбайұлы.

Телефон: +7 (72636) 7 22 28
E-mail:snt@biosafety.kz

image002

Сандыбаев Н.Т.  молекулярлық биология және вирустардың гендік инженериясы саласында, жануарлар мен құстардың аса қауіпті инфекциялық ауруларын зерттеуде жаңа әдістер енгізуге ерекше үлес қосқан жетекші ғалымдардың бірі болып саналады. Оның ғылыми зерттеулері инфекциялық аурулар қоздырғыштарының геномын зерттеуді және полимераздық тізбектік реакция негізінде диагностикалық құралдарды жасауды дамытуға бағытталған.Нұрлан Тамамбайұлының тікелей араласуымен Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласына  арналған А/Н5N1 “Kazfluvac” жоғары патогенді тұмауға қарсы отандық вакцинасы  және А/Н1N1 “Refluvac” пандемиялық шошқа тұмауына қарсы вакцина жасалды. 200-ден астам ғылыми еңбектің және Қазақстан Республикасы өнертабыстарының 21 авторлық куәлігінің  авторы.


 Бас директордың биопрепараттар өндірісінің менеджменті жөніндегі орынбасары – ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Хайруллин Берік Мұхитұлы.

Телефон: +7 (72636) 7 22 28
E-mail:khairullin@biosafety.kz

Хайруллин Б.М. – эпизоотология, вирусология, сондай-ақ алдын алу препараттарын дайындау және бақылау технологиясын жасау саласындағы жетекші маман. Эпизоотологиялық мониторинг және вирустық инфекцияға қарсы биопрепараттарды спецификалық сауықтыру, диагностикалық құралдарын жасау жөніндегі бірқатар ғылыми-техникалық бағдарламалар жобасының жетекшісі және жауапты орындаушысы болып табылады. Оның тікелей араласуымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына арналған  “Kazfluvac”  құс тұмауына қарсы инактивтендірілген вакцинасын, сондай-ақ “Refluvac” пандемиялық тұмауға қарсы инактивтендірілген вакцинасының технологиясын дайындау жасақталды. 200-ден  астам ғылыми еңбектердің, 3 монографияның, өнертабыстарының 36 авторлық куәлігінің авторы. Вакциналар мен диагностикалық препараттарға жасалған 25 нормативтік-техникалық құжаттардың, 17 нұсқаулық және әдістемелік ереженің бірлескен авторы. Оның жетекшілік етуімен 2 кандидаттық диссертация қорғалды.

 


 

Бас ғалым хатшы – ветеринария ғылымдарының кандидаты Абдураимов Ерғали Орынбасарұлы.

Телефон: +7 (72636) 7 22 28
E-mail:yergali.a@biosafety.kz

image004

Абдураимов Е.О. – ветеринарлық микробиология, вирусология, эпизоотология салаларының маманы. Эпизоотологиялық мониторинг және вирустық инфекцияға қарсы биопрепараттарды спецификалық сауықтыру және диагностикалау құралдарын жасау жөніндегі бірқатар ғылыми-техникалық бағдарламалар жобасының жетекшісі және жауапты орындаушысы болып табылады.

Е.О. Абдураимов  ғылыми зерттеулер мен еңбектердің болашағы бар жобалары мен жылдық жоспарлары бойынша ұсыныстарды дайындауға жетекшілік етеді, ғылыми зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарларын үйлестіруді жүзеге асырады,  хатшысы болғандықтан Ғылыми Кеңес жұмысы жоспарларының жобаларын дайындайды, белгіленген тақырыптық жоспарлардың сапалы және уақтылы орындалуына бақылау жасауды, институт қызметі туралы толық мәліметтер дайындауды ұйымдастырады, ғылыми еңбектерге ұйымдастырушылық – әдістемелік көмек көрсетуді және іске енгізуді үйлестіреді, ғылыми еңбектерді жариялау жоспарларына ұсыныстар дайындайды. 80 жарияланымдардың, 3 монографияның, 16 патенттік, 1 авторлық куәліктің авторы болып табылады.