Даму болашағы

Институт келешекте биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, молекулярлық биология және эпизоотология проблемалары бойынша Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияның ірі ғылыми орталығы болуды жоспарлайды. Осы мақсатқа жету үшін институт алдына мынадай міндеттерді қойып отыр:

Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысуды кеңейту:

–          Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы үшін  В гепатитінің спецификалық алдын алу және диагностикасы кұралдары саласында;

–          Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы үшін  полиомиелитке қарсы инактивтендірілген вакцина дайындау технологиясын жасау саласында;

–          Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік проблемалары саласында;

–          Тұмауға қарсы 3 валенттік маусымдық сплит-вакцинаны клиникалық сынау саласында;

–          Helicobacterpylori инфекциясын эрадикациялау үшін жаңа тиімділігі жоғары құрал және сұйықтық терапиясының әдісін жасау саласында;

  • БҚПҒЗИ-ның ғылыми-өндірістік жұмысындағы  халықаралық серіктестікті кеңейту және шетелдік инвестицияларды тарту;
  • GMP талаптарына сәйкес биопрепараттар өндірісі үшін инфрақұрылым құру және жасау;
  • Қазақстанның отандық биопрепараттардағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін  GMP халықаралық стандарттарына сәйкес денсаулық сақтау және ветеринария үшін биопрепараттар шығаратын автоматтандырылған технологиялық желі жасау;
  • Вакциналық және диагностикалық препараттар өндірісіне GMP стандарттарын енгізу;
  • Түркия, Ресей Қырғызстан және басқа да елдерге БҚПҒЗИ-да жасалған вакциналарды өткізу;
  • ДДСҰ желісі бойынша технологиялар трансферті (тұмауға қарсы вакцинаны игеру және шығару);
  • Институт қызметінің биологиялық қауіпсіздігі және физикалық қорғанысының деңгейін күшейту;
  • Ғылыми қызметкерлердің біліктілігін көтеру.
  • ДДСҰ желісі бойынша технологиялар трансферті (тұмауға қарсы вакцинаны игеру және шығару);
  • Институт қызметінің биологиялық қауіпсіздігі және физикалық қорғанысының деңгейін күшейту;
  • Ғылыми қызметкерлердің біліктілігін көтеру.