Негізгі жетістіктері

Институт ҒЗЖ-ның негізгі бағыты бойынша өзіндік зерттеулерінің нәтижелерін қолдана отырып, жануарлар мен құстардың аса қауіпті инфекциялық ауруларынан Қазақстан Республикасы аумағын сауықтыруға үлкен үлес қосты;

  • Институт елімізді шетелдік қымбат өнімдерді сатып алу мұқтаждығынан арылта отырып, ҚР агроөнеркәсіптік кешенін маңызды және аса қажетті сауықтыру және диагностикалық препараттардың 17 түрімен қамтамасыз етеді;
  • Институт 80 вакцина мен диагностикумдар технологиясын жасады және игерді;
  • 28 вакцина түрін шығару игерілген;
  • БҚПҒЗИ-дың қорғалатын құжаттарының жалпы саны- 322;
  • Еліміздің стратегиялық ресурсы болып табылатын, 57 жұқпалы аурулар қоздырғыштарының изоляттары мен 430аса штаммдары жинақталған микроағзалар жинағы құрылды;
  • Астық дақылдарының жинағы жасалды және тоттық септориалдық аурулардың  төзімді үлгілеріне скрининг жүргізілді;
  • Институт ҚР-да бірінші болып дақылдар жинағының Бүкілдүниежүзілік федерациясына (WFCC) кірді;
  • CIMMIT және ҚР АШМ-нің желісімен «ҚР Геноқоры» бағдарламасы бойынша алынған дәнді дақылдардың шетелдік сұрыптарын зерттеу үшін меншікті интродукциондық-карантиндік көшеттігі соғылды;
  • ҚР-да тұңғыш рет вирустардың 29 штаммдары мен изоляттары геномдарының құрылымдары анықталды, аса қауіпті инфекциялық аурулар қоздырғыштарының ПТР-диагностикасы үшін 17 тест-жүйе жасақталды;
  • Ауруларды трансплантация әдісімен емдеу үшін тәжірибелік медицинада қолданылатын, бета-торшаларды,гепатоциттер мен кардиомиоциттерді сақтау және жасанды ортада өсіру технологиясы жасалды;
  • Аса қауіпті инфекциялық аурулар гендерінің Ұлттық банкінің негізі қалыптастырылды;
  •  «ХЭБ классификациясы бойынша А тобының» аса қауiптi жұқпалы ауруларының қоздырғыштарымен зерттеу жүргiзетін ғылыми зертханаларда BSL-2, BSL-3 биологиялық қауiпсiздiгінің деңгейі құрылды;
  • БҚПҒЗИ-ын әлемдік ақпарат ресурсымен қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық орта құрылды;
  • БҚПҒЗИ-да TADR (DTRA DOD USA) бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасындағы жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруларын бақылау жөніндегі Аймақтық диагностикалық зертхананы пайдалануға қосу жүргізілуде;
  • ҚР БҒМ ҒК-нің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты «Құс тұмауына қарсы инактивтендірілген эмульгирленген вакцина» тауарымен мемлекеттік сатып алулар және тендерлерге қатысу үшін «ҰӘҚ Самрұқ-Қазына» АҚ-ның отандық тауар өндірушілер Реестріне енгізілді;
  • Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы инактивтендірілген эмульгирленген «Қазақстан-15» ветеринарлық вакцинасы жасалды. Аталынған вакцинаны өндіру және өткізу ҚР-дағы құс тұмауы бойынша эпизоотологиялық және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтандырылуын қамтамасыз етті.
  • А тұмауы вирусының подтиптерін биочиптик диагностикалау технологиясы және бруцеллездің дианостикасы үшін ақуыздық биочип жасалды.
  • А типті ҚТ вирусының түрлерін идентификациялау және типтендіру үшін РТГА, ИФА және РТ-ПТР тест-жүйелері жасалды. Тұмау вирусын типтендіру және диагностикалау үшін праймерлер және ДНК-зондылар жасалынды.
  • Рекомбинанттық суыққа бейімделген штаммдар негізінде жылқы тұмауына қарсы тірі вакцина жасалды;
  • Денсаулық сақтау саласы үшін Қазақстанда бірінші рет A/H5N1 тұмауына қарсы  Kazfluvac және  A/H1N1 тұмауына қарсы Refluvac вакциналарын дайындаудың технологиясы жасалды, вакциналарды клиникаға дейінгі және клиникалық сынақ жүргізілді. Вакциналар ҚР ДМ-де тіркелді.
  • Денсаулық сақтау саласы үшін маусымдық тұмауға қарсы Kazfluvir 3-валенттік сплит вакцинасын дайындау технологиясы жасалды.
  • Адам туберкулезінің алдын алу және терапиясы үшін ТВ/FLU-04L вакцинасы жасалды. ҚР ДМ «Туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы» РМК, ҚР ДМ Медициналық бағыттағы емдік заттарды және медициналық техниканы сараптаудың ұлттық орталығының базасында, Ресей федерациясы және Ұлыбританияның екі ғылыми орталығында қауіпсіздікті және иммуногенділікті   зерттеу бойынша клиникаға дейінгі және клиникалық сынаудың І-фазасы (72 еріктіде) өткізілді. Вакцинаны клиникалық сынаудың екінші фазасының дайындық бойынша жұмыстар басталды.
  • Бруцеллезге қарсы вакцинаның рекомбинанттық штаммдары алынды және оның негізінде жануарларда айқын көрінетін спецификалық CD4+Tx-1 торшалық иммундық жауапқа іе бруцеллездік ақуыздарды шұғылдандыратын вектролық вакцина жасалды.