Қызметінің бағыттары

 

  • Емдік-сауықтыру және диагностикалық препараттарды жасау үшін жаңа ғылыми білім алуға бағытталған, молекулярлық биология және вирустардың, бактериялар мен саңырауқұлақтардың гендік инженериясы, торшалық биотехнология, вирусология салаларында терең зерттеулер жүргізу;
  • Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын қолдану арқылы биологиялық лаңкестік жасалынған жағдайда биологиялық қауіпсіздік, эпидемияға қарсы және эпизоотикаға қарсы шаралардың, әрекет етудің тізбесін жасау;
  • Адамның, жануарлардың, құстардың және өсімдіктердің инфекциялық ауруларына қарсы сауықтыру, диагностикалық және емдік құралдар өндірісінің технологиясын жасау және жетілдіру;
  • Денсаулық сақтау, ветеринария және өсімдік шаруашылығы ұйымдарының биологиялық өнімдерге (вакциналарға, диагностикумдарға, қан сарысуларына, қоректік заттарға және т.б.) сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми өндірістік қызмет.
  • Адамдардың, жануарлардың, құстардың инфекциялық ауруын тудыратын вирустардың түпнұсқалық және өндірістік штаммдарын, микроағзаларды және саңырауқұлақтардың қоздырушыларының жинақ-банкін сақтау, толықтыру және зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының аумағындағы және көршілес мемлекеттердегі адамдардың және жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруларының мониторингі;
  • Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты, сыртқы экономикалық қызметті іске асыру.