Миссиясы

ҚР БҒМ ҒК БҚПҒЗИ РМК-ның миссиясын келесі ұғымдармен сипаттауға болады, олар – тәжірибе, білім, жаңалық енгізу, даму және қауіпсіздік. Институттың маңызды ұстанымы болып бұрын еңбек еткен ғалымдардан қалған дәстүрді ұстану табылады.
• Қауіпсіздік. Біз биологиялық қауіптің пайда болу сценариін, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпті экзотикалық және трансшекаралық індеттердің пайда болу мүмкіндіктерін алдын ала болжаймыз, баламалау және алдын алу құралдарын жасаймыз.
• Сенімділік. Біз әрқашан да өзіміздің міндеттерімізді орындаймыз және халықаралық ынтымақтастыққа қашанда дайынбыз.

• Кәсіпқойлық. Біз вирусология, биотехнология және биологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін ғылыми-зерттеу ізденістерінің жоғары деңгейін ұсынамыз.