Марапаттаулар

Қол жеткізген жетістіктері үшін институт пен оның қызметкерлері бірнеше мәрте КСРО және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.​

1983 жылы институт ұжымына социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде ауыспалы Қызыл Ту берілді.  6
Институтта жасалынған вакцина және диагностикум ХШЖК-нің екі дипломына ие болды.  
1983 және 1986 жылдары институттың екі қызметкеріне Еңбек Қызыл Ту ордені берілді.  
Екі қызметкер Ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері атағына ие болды.  
1986 жылы институттың екі қызметкері «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.  5
1986 жылы институт ұжымына социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде ауыспалы Қызыл Ту берілді.  6
1983 жылы және 1986 жылдары екі қызметкер Ерен еңбегі үшін медалімен  марапатталды.  7
Екі қызметкер Ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері атағына ие болды.  8
1986 жылы институттың бір қызметкері КОКП ОК-нің, МК, КОБОК және БЛКЖО ОК-нің Құрмет грамотасымен марапатталды.  9
2004 жылы және  2008 жылы институтттың екі қызметкеріне «Парасат» ордені берілді.  10
2004, 2007 және жылдары институттың екі қызметкері «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.  11
Ғылым, білім және бизнес саласында халықаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Еуропалық Бизнес Ассамблеясының (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) Номинациялық Комитеті Вена қаласындағы Халықаралық университеттің ғылыми кеңесімен бірлесе отырып, профессор Мамадалиев Сейдіғаппар Мамадәліұлының кәсіби және қоғамдық қызметін жоғары бағалап, «Вена қаласындағы Халықаралық университеттің құрметті профессоры» атағын берді. Бұл атақ осы құрметке ие болған адамның кәсіби жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуын, қоғамның жоғары сенімін және оның биік мәртебесін сипаттайды.  
2010 жылдың шілдесінде Турин қаласында (Италия), ESOF-2010 халықаралық ашық ғылыми форумында халықаралық сыйлықтармен марапаттау рәсімі өткізілді. Мінсіз іскерлік беделі және ғылыми жетістіктері, еуропалық стандарттарға сай қызмет пен өнімнің жоғары сапасына жетудегі талпынысы үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының профессоры С.М. Мамадалиевке «Жылдың үздік топ-менеджері» дипломы және құрмет белгісімен қоса «Еуропаның үздік кәсіпорны» сыйлығы тапсырылды, сондай-ақ заманауи қоғамның зияткерлік дамуына қосқан жеке үлесі үшін Сократ атындағы сыйлықпен марапатталды. Халықаралық сыйлықтармен марапаттау рәсімін Еуропа Ректорлар Клубының Президенті, Нобель сыйлығының иегері, Еуропалық Бизнес Ассамблеясының төрағасы, профессор Вилл Гудхейер жүргізді.          13
VIII жыл сайын өткізілетін Республикалық «Шапағат» өнертабыстар саласындағы жетістіктер байқауының қорытындысы бойынша, Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан үлесі үшін институтқа арнайы диплом мен «Шапағат» мүсіншесі табыс етілді. «Ең жас өнертапқыш» номинациясында бірінші орынды біздің институттың қызметкері жеңіп алды. «Жұлыннан гемопоэтикалық діңгектік жасуша бөлу және өсімдеу тәсілі» №22201 патенті біздің институтты Ұлттық Зияткерлік меншік институтының дипломанттары қатарына қосты.        14 15 16
 

 

 

2011 жылы институт қызметкері Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «БҚПҒЗИ жас ғалымдарының үздік инновациялық идеялары» байқауының жеңімпазы (гран-при), сонымен қатар «Жылдың жас ғалымы» номинациясы бойынша «Жастар 2011» Республикалық жастар сыйлығының лауреаты атанды.

       1718 19
2012 жылдың 11 желтоқсанында Алматыда ғылым және техника саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін жас ғалымдарға, анағұрлым дарынды, шығармашылығы, бағдарламасы, жобалары жаңашылдық және шынайылықпен ерекшеленетін, қоғамдық кең танымалдылыққа ие болған, республикамыздың мәдени өміріне едәуір үлес қосқан жас мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының жыл сайынғы сыйлықтарын тапсыру салтанаты өтті.

Жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, дипломдар, төсбелгілер және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры сыйлығының лауреаттары болып «A/H1/N1 пандемиялық тұмауға қарсы алғашқы отандық вакцинаны дайындау технологиясын жасау, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар жүргізу және тіркеу» жұмысы үшін ғылым мен техника саласы бойынша ҚР БҒМ ҒК Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары Қасенов М.М., Червякова О.В., Табынов Қ.Қ. танылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20