Тарихы

Ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институты (АШҒЗИ) 1958 жылы 7 тамызда КОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің жарлығымен КСРО АШМ-мен құрылған. АШҒЗИ-ді құрудың негізгі алғышарты болып КСРО-ның оңтүстік шекараларын, яғни Орта Азия мен Қазақстанды ауылшаруашылық және жабайы жануарларды шекаралас елдерден әкелінетін аса қауіпті індеттік аурулардан қорғау қажеттілігі болып табылды. 1992 жылға дейін институт КСРО АШМ құрамында болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының АШМ-ның Бас Басқару ветеринариясына бағынды, ал 1993 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технология министрлігінің Ұлттық биотехнология бойынша орталығының құрамына кірді. 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің ведомстволығына кірді, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне (ҚР БҒМ) қайта бағындырылды. 2006 жылдың 7 тамызынан бастап Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтына (БҚПҒЗИ) өзгертілді және ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының (ҰБО) мемлекеттік еншілес кәсіпорны мәртебесіне ие болды. БҚПҒЗИ-дың ғылыми виурсологиялық мекеме ретінде құрылу және қалыптасуының тарихы (бұрынғы АШҒЗИ) ветеринариялық вирусология, ветеринария, биотехнология және биология салаларындағы көрнекті ғалымдардың аттарымен байланысты. Институттың құрылуына, қалыптасуына және дамуына көрнекті ғалымдар және ғылымды ұйымдастырушылар үлкен үлесін қосқан, олар В.И. Огарков, А.А. Воробьев, И.А. Бакулов, сонымен қатар ғылымға еңбегі сіңген қайраткерлер В.Н. Сюрин, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, М.А. Худяков, КСРО ҒЗ және СӨ Бас Басқармасының бастығы; С.Т. Рягин, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Ц.Ц. Хандуев, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор ҚырғызстанҰҒА-ның кор.-мүшесі, А.Н. Бурдов, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор А.С.Гринин, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ф.П. Курченко, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор А.И.Ануфриев, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор В.Н.Иванющенков, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор А.А. Гусев, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор С.М. Мамадалиев, ғылым кандидаттары А.И.Шурыгин, П.Д.Афанасьев, Р.А.Кирюхин, В.В.Башаев, Ю.М.Гононов, В.Л.Зайцев, Е.Н.Троицкий, Б.М. Хайруллин және басқалар. 1992 жылға дейін АШҒЗИ аурулардың қоздырғыштарын зерттеу, баламалау құралдарын және әдістерін жасау, аса қатерлі вирустық індеттердің спецификалық алдын алу бойынша бағдарламаларды орындап жатқан КСРО АШМ құрамында одақтық ғылыми-зерттеу кешенінің құрамдық бөлігі болды.

    Қазіргі кезде институт зерттеулер жүргізуге және заманауи деңгейде биопрепараттарды шығаруға мүмкіндік беретін тәжірибелік базасы бар ветеринариялық вирусология, иммунология, молекулярлық биология, микология, фитопатология және биологиялық қауіпсіздік салаларында республиканың ең ірі ғылыми орталықтарының бірі болып табылады. Үкімет Жарлығымен 2000 жылдан бастап институтқа Қазақстан Республикасының күзетке алынған нысан мәртебесі бекітілді. Институттың құрылымында  ғылыми-зерттеу зертханалары, технологиялық, ғылыми-ақпараттық, инженерлік-техникалық, қаржы-экономикалық және әкімшілік-шаруашылық бөлімдері бар. Институтта медициналық, ветеринарлық вирусология, эпизоотология, иммунология, молекулярлық биология, биохимия, биотехнология, микробиология, радиология және фитопатология жөніндегі мамандар жұмыс істейді. 1965 жылдан бастап 2010 жылға дейін БҚПҒЗИ МЕК базасында 03.00.06 – вирусология, 00.23- биотехнология, 06.01.05 – селекция және тұқым шаруашылығы және 16.00.03 – ветеринарлық микробиология, вирусология, эпизоотология, микотоксикологиясы бар микология және иммуннология мамандықтары бойынша аспирантура жұмыс істеді. БҚПҒЗИ кұрылғаннан бастап аспирантура және ізденушілік арқылы ғылымның көрсетілген салаларында 140-тан аса жоғары білікті маман, оның ішінде 14 ғылым докторы және 127 ғылым кандидаты даярланды.