Научно-Исследовательский Институт Проблем Биологической Безопасности

ҚР БҒМ ҒК БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АЙМАҒАМБЕТОВ АСХАТ ҚАНАТҰЛЫНЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы ҚР БҒМ ҒК Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарына құттықтау жедел хатында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы инактивтелген вакцинаны жасау және оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуімен құттықтады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аймағамбетов А.Қ. бұл – қазақстандық ғылымға отандық ғалымдардың биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан маңызды үлесін, сондай-ақ, еліміздің ғылымының мықтылығының дәлелі екенін атап өтті. Ол ҚР БҒМ ҒК Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ұжымы қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың жаңа түрлерін әзірлеудегі жетекші рөлін тағы бір рет көрсеткенін белгіледі және қызметкерлерге мықты денсаулық, өркендеу және жаңа табыстар тіледі.

Төменде ДДҰ -да тіркелген COVID-19 қарcы кандидат вакциналары тіркелген ландшафт құжатқа сілтеме берілген (екінші беттегі үшінші позиция): https://www.who.int/who-documents-detail/draft-landscape-of-covid-19-candidate-vaccines

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ САПАРБАЕВТЫҢ ҚР БҒМ ҒК «БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНА» ЖҰМЫС САПАРЫ

2020 жылғы 14 мамырда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Қордай ауданы әкімі және Жамбыл облысы мен Қордай ауданы әкімдіктерінің аппараттары және БАҚ өкілдерімен бірге ) ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-на (БҚПҒЗИ) жұмыс сапарымен барды.

БҚПҒЗИ бас директоры К.Д. Закарья қонақтарды Институттың биопрепараттар өндірісінің мәселелері, иммунобиологиялық препараттар (вакциналар) шығару бойынша биофармацевтикалық зауыттың құрылысы бойынша қызметін жақсарту мәселелерін қозғады.

Мұнан кейін, Институт әкімшілігі Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаевқа, Институттың режимді ғылыми-өндірістік аймағымен таныстырды, оның қызметі, жүргізілетін ғылыми зерттеулерінің бағыттары және ғылыми зертханаларының жетістіктері туралы қысқаша ақпарат берілді.

Делегация биофармацевтикалық зауыттың құрылысы жоспарланған алаңға барып, онда Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев зауыт құрылысы бойынша бірқатар нұсқаулар берді.

Мұнан кейін, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев институт ұжымымен кездесті. Өз сөзінде, ол, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылдың 25-наурызында Ұлттық ғылыми орталыққа барған кезде биолог-ғалымдардың еңбегін жоғары бағалағанын, қазақстандық ғылымның құзыреттілігін арттыру үшін өз әзірлемелерінің болуының маңыздылығын және мемлекет биологиялық зертханалардың қызметіне көбірек көңіл бөлетінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін және COVID-19-дың түрлі климаттық жағдайларға бейімделу қабілетін ескере отырып, ғалымдар коронавирусқа қарсы отандық вакцина жасау бойынша жұмыстарды бастау қажеттігін айтты.

Мұнан кейін, Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев Мемлекет Басшысының тапсырмаларын барынша қолдап, елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне аса назар аударуымыз және GMP халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес ғылыми-өндірістік қызметті жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасауымыздың қажеттігін атап өтті.

АДАМ БРУЦЕЛЛЕЗІНЕ ҚАРСЫ ЖАҢА ВЕКТОРЛЫҚ ВАКЦИНАНЫ ӘЗІРЛЕУ

Бруцеллез (лат. Brucellosis – адам ағзалары мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын, ауру малдан адамға берілетін зоонозды инфекция және әлеуметтік қауіптілігіне байланысты карантиндік аурулар тізіміне енгізілген. Бұл аурудың себепкері – микробтарды 1886 жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Брюс тапты. Қоздырушыны соның құрметіне бруцеллалар, ал ол туындатын ауруды – бруцеллез деп атады.

Қазіргі таңда бруцеллез қоздырушысының 10 түрі белгілі, олардың арасында адам денсаулығына қауіптілері B.melitensis, B. abortus, B. suis және B. canis. Бұлардың ішіндегі B. melitensis бруцеллездің ең ауыр және жіті түрін туындатады және 80-90 % жағдайда осы инфекциямен адамдардың ауруының жауапты болады. Адамда бруцеллез негізінен жіті қабыну үдерістерімен, сондай-ақ тұмауға ұқсас аурудың көптеген симптомдарымен сипатталады. Тиісті емнің жоқтығы науқастың қайтыс болуына немесе мүгедек болуына әкелуі мүмкін. Адамдарда бруцеллезбен ауруға шалдығуы көптеген жағдайда бактериялармен кәсіби қарым-қатынастың нәтижесінен болып жатады.

Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фотолар

Бруцеллалар ағзаға терідегі микроскопиялық зақымданулар, көз конъюнктивасының шырышты қабығы, ас қорыту жолдары, тыныс алу жолдары арқылы өтуі мүмкін. Көбінесе адам шикі сүтті, етті, тазартылмаған суды пайдаланған кезде, ұшаларды бөлшектеу, ауру жануарлардың терісін өңдеу кезінде, сондай-ақ жүннің микроскопиялық қалдықтары немесе қиы бар ауамен дем алған кезде жұқтырады. Мал және мал шаруашылығы өнімдерімен жұмыс істейтін ауыл тұрғындарында сырқаттану қауіпі жоғары екенін болжау қиын емес.

Барлық құрылықтағы адамдар бруцеллезбен ауырады, бірақ ғаламшардың кейбір нүктелерінде жұқтыру мүмкіндігі өте жоғары. Жыл сайынғы деректер бойынша адам арасында бруцеллездің 1900-ге жуық жаңа жағдайы анықталауына байланысты Қазақстан адам арасында бруцеллез бойынша гиперэндемиялық 25 мемлекеттің қатарына кіреді. Бұл жағдай ұсақ қара мал мен ірі қара мал арасындағы бруцеллездің басымдығымен тікелей байланысты.

Бруцеллез Қазақстанның ауыл шаруашылық жануарларының арасында ең таралған жұқпалы зоонозды ауру болып табылады, оған қарсы күреске жыл сайын Республикалық ветеринариялық зертханаларға бюджет қаражатының 90%-ға жуығы бөлінеді.

Бруцеллез бойынша қауіпті эпидемиялық жағдай аясында халықтың денсаулығын осы инфекциядан қорғау жөніндегі міндет біздің еліміз үшін стратегиялық маңызға ие. Ауыл шаруашылық жануарлары арасында бруцеллезді толық жою адам үшін осы аурудың алдын алудың ең жақсы тәсілі болып табылатыны белгілі.

Ауыл шаруашылық жануарларының бруцеллезін жоюдың ең тиімді тәсілі вакцинация жүргізу болып табылатыны белгілі.  Мәселе қазіргі уақытта ірі қара малға арналған тиімді және қауіпсіз бруцеллезге қарсы вакциналардың жоқтығында, сондықтан оларды алуға бағытталған зерттеулер Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында (БҚПҒЗИ) өзекті және сұранысқа ие болып табылады.

Соңғы 25 жылда алғаш рет БҚПҒЗИ-да тұмауға қарсы вирустық векторлар негізінде ірі қара малдың бруцеллезіне қарсы толық қауіпсіз және тиімді вакцина әзірленді, оның өзінің техникалық және тұтынушылық сипаттамалары бойынша коммерциялық препараттардан айтарлықтай артықшылығы бар. Сонымен қатар, осы вакцинаны ұсақ малда тиімді қолдану мүмкіндігі тәжірибе жүзінде расталды.

Зерттеу нәтижелері халықаралық рейтингтік журналдарда жарияланды және халықаралық конференцияларда баяндалды. Қазіргі уақытта аталған вакцина Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінде тіркелген және тіркеуден кейінгі сынақтардан өтуде.

Қазіргі уақытта БҚПҒЗИ жағдайында ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына жауап беретін бруцеллездің иммундыдоминантты ақуыздары: L7/L12 (рибосомальды) және OMP-16 (мембраналық, беттік) тұмаудың рекомбинантты вирусы негізінде адам бруцеллезіне қарсы векторлық вакцинаны дайындау технологиясы әзірленді. Оны қолдану тәсілі пысықталды және зертханалық жануарларға вакцинаның қауіпсіздігі мен иммуногендігі зерттелді. Зертханалық жануарларға вакцинаның қауіпсіздігі мен протективтілігіне комиссиялық сынақтар сәтті жүргізілгеннен кейін әзірленген вакцинаны ары қарай клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар өткізу үшін ұсынуға болады.

Келешекте Ұлттық және халықаралық ауқымда Қазақстанда да, шетелде де адам ағзасына қарсы жаңа векторлық вакцинаны лицензиялау күтілуде.

Бұл әзірленім бірінші кезекте жануарлар арасында инфекция кең таралған өңірлерде адамдарда (ветеринариялық дәрігерлер, малшылар, зертхана қызметкерлері, ауылдық жердің тұрғындары) бруцеллездің арнайы алдын алу үшін қолдануға ұсынылады. Бұдан басқа, өнеркәсіптік шығарылымды толық қолға алудың нәтижесінде шұғыл жағдайларға, оның ішінде террористік қауіп-қатер кезінде аталған вакцинаның ұлттық жұмылдыру қоры құрылуы мүмкін.

Кеңес беру мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ға

+7 (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша хабарласыңыз, электрондық мекен-жайы: ribsp@biosafety.kz

 

 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ!!!

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

 

ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Оқу ғылыми-білім беру орталығы Веб-семинарларға қатысуды ұсынады.

 

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ!!!

 

Веб-семинардың, оқытудың құны 1 қатысушыға 20 000 тг.

Өткізілу күндері Сізге ыңғайлы уақытта!!!

Барлық ұйымдастыру шаралары тыңдаушылардың келісімімен өжүргізіледі. Бізбен байланысу тәулігіне 24 сағат және аптасына 7 күн бойы мүмкін.

Біздің тақырыптар:

1 «Ветеринариялық биологиялық препараттарды дайындау және өндіру технологиясының негіздері», өткізу күндері келісім бойынша!

2 «Жануарлардың вирустық аурулары (құтыру, ринопневмония, аусыл, құс тұмауы)», өткізу күндері келісім бойынша!

3 «Жануарлардың вирустық ауруларына (лейкоз, құтыру, ринопневмония, парвовирустық энтерит) балама жасау», өткізу күндері келісім бойынша!

Қатысу үшін, өтінімді толтырыңыз

байланыс телефоны: +7 777 255 94 73, Г.А. Абильдаева

 

Сіз биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, ветеринариялық медицина және фитосанитария салаларына қатысты: балау, емдеу және ерекше алдын алу құралдарының заманауи әдістері мен тәсілдері, адамның, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпті және аса қауіпті ауруларының қоздырғыштарын бөліп алу және өсіру, ветеринариялық және фитосанитарлық биопрепараттарды дайындау технологиясы мен сапасын бақылау әдістері, сондай-ақ олардың нормативтік-техникалық құжаттарын жасау және келісу ережелері бойынша кез келген сұрақтармен келесі байланыстар бойынша жүгіне аласыз:

 

Пошта индексі: 080409

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қтк

Б. Момышұлы көшесі, 15

Жұмыс телефоны: +7(72636)7-22-28, ішкі 112

www.biosafety.kz; Е-mail: unots@biosafety.kz

+7 775 940 43 16 – Хайрулла Блялович Абеуов,

Е-mail: abeuov_khairulla@mail.ru

 

Қашықтықтан оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға қашықтықтан оқудан өткені туралы белгіленген үлгідегі сертификаттар беріледі.

Жуктеу: Ө Т І Н І М

 

ПОЛИФАГ-ДЕЗИНФЕКЦИЯҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ ПРЕПАРАТ

Көп жылдар бойы әр түрлі ауруларды емдеу үшін антибиотиктерді қолдану ауру қоздырғыштары штаммдарының көптеген дәрілерге төзімділігінің пайда болуына алып келді.

Антибиотиктің жаңа препаратын әзірлеу, оның клиникалық сынақтары мен тіркелуі көптеген жылдар бойы жүріп, жүздеген миллион АҚШ долларын құрайды. Антибиотиктерді клиникалық тәжірибеде қолдану, жалпыға белгілі жанама әсерлерден басқа, қайтадан синтезделген препараттарға төзімді бактериялар нысандарының пайда болуына әкеп соғады.

Осындай жағдайда көптеген бактериялық ауруларды емдеуде дерлік жүз жыл бұрын ашылған бактериофагтар (фагтар) антибиотиктерге лайықты балама бола алады.

Бактериофагтар дегеніміз бактериялық жасушаларды іріктеп зарарлайтын вирустар болып табылады. Бактериофаг препараттарының антибактериалық әсері фаг геномының бактериялық жасушаға енгізілуімен және инфекцияланған жасушаның          лизисімен (бөлшектенуімен) байланысты. Лизистің нәтижесінде сыртқы ортаға шыққан бактериофагтар қабыну ошағында патогенді бактериялар толық жойылғанға дейін әрекет ете отырып, басқа бактериялық жасушаларды қайта инфекциялайды және бөлшектейді (лизирование).

Бактериофагтар – олардың негізінде өзінің қасиеттері мен сипаттамалары бойынша ерекше емдік-профилактикалық препараттар тобы құрылған бірегей микроағзалар болып табылады.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты ҚР БҒМ ҒК «БҚПҒЗИ» РМК әзірленген жаңа «Полифаг» құралын ұсынады. «Полифаг» дезинфекциялау құралы ветеринариялық және мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық, тамақ өндірістерінде және көліктерде, технологиялық жабдықтарда, сондай-ақ бруцеллез, псевдотуберкулез, дифтерия, сальмонеллез, колибактериоз, төлдің шартты патогенді микрофлорадан пайда болатын диареялық аурулары (протей, клебсиелдер, псевдомоноз, энтерокококктар, иерсинииялар және төзімділігі бойынша бірінші топқа жатқызылатын басқа да инфекциялар) бойынша шартты түрде сау емес жануарлардан алынған ет, сүт, жұмыртқа шикізатын қайта өңдеумен байланысты ветеринариялық-санитариялық қадағалау объектілерінде, аурулар бойынша қолайсыз пункттерде, қауіпті аймақтарда, мал сою пункттерінде, тамақ өндірістерінде дезинфекция жүргізуге арналған.

Препараттың құрамында Brucella abortus, Enteroccus faecalis, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Yersinia pseudotuberculosis, Yersinia enterocolitica, Pseudomonas aeruginosa, Echerichia Coli, Salmonella enteretidis, Sallmonella typhimurium, sallmonella infantis, Shigella Sonne, Shigella flexneri бактерияларына қарсы түрлі бактериофагтар бар.

Дезинфекциялауға арналған «Полифаг» дезинфекциялық құралының негізгі әсер етуші заты Полифаг/НИИПББ/ BV-0001 бактериофагтар консорциумы болып табылады.

«Полифагтың» артықшылықтары / пайдалы қасиеттері:

– бактерияларға қатысты әсердің кең спектрі мен белсенділігі;

– ерітінділердің үнемділігі;

– пайдалану мен сақтауға ыңғайлы;

– уыттылық деңгейі төмен;

– өнімдердің дәмдік сапасын бұзбайды;

– беттер мен материалдарды зақымдамайды;

– қосымша дезодорациялаушы және жуғыш қасиеттері бар.

Сату құны – 1 литрі 3000 теңгеден.

Кеңес алу мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ына (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша, ribsp@biosafety.kz электрондық поштасы бойынша хабарласыңыз

 

Кеңес алу және құралды сатып алу мәселелері бойынша зертхана меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты Болат Аманбаевич Еспембетовқа +7 (775)-093-78-10 телефоны бойынша хабарласыңыз

 

ТҮЙЕ ШЕШЕГІ

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Түйе шешегі (Camelpox) – ауру жануарлардың безгегімен, басының ісуімен, терісінде және шырышты қабықтарында түйінді-пустулезді бөртпенің пайда болуымен, ұрғашы түйенің іш тастауымен және боталарының өлуімен сипатталатын контагиозды вирустық ауру. Шешекке барлық жастағы түйелер сезімтал, бірақ жас балапандар жиі ауырады. Буаз түйеде шешек абортқа алып келуі мүмкін.

Әдеби мәліметтерге сәйкес, шешектің айтарлықтай өршуі Қазақстанның Орал (1930, 1942-1943 жж.) және Гурьев (1965-1969 жж.) облыстарының аумағында байқалды. Қазақстанда түйе шешегінің соңғы өршуі 1996 жылы Маңғыстау облысының үш ауданында байқалды. Бұл ретте Маңғыстау ауданының 8 шаруашылығында 8 мың түйенің 830-ы шешек ауруына шалдыққан, оның 43-і өлген.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Эпизоотологиясы.. Bera et al деректері бойынша 2009 жылы Rajasthan (India) ауданындағы Bikaner провинциясында түйе шешегінің өршуі кезінде жануарларды күтетін 3 адам ауруға шалдыққан. Түйе шешегі вирусының негізгі көзі ауру немесе ауырып жазылған түйелер болып табылады. Індетті жұқтырған жануарлар, вирусты, сыртқы ортада, вирусы бар тері мен шырышты қабықтың шеттетілетін эпителийі арқылы таратады. Сыртқы ортаға вирус түсік тасталған тұқымдармен де бөлінеді. Шешек қоздырғышын шешек ауруымен ауырмайтын үй және жабайы жануарлар да механикалық түрде таратуы мүмкін.

Түйе шешегі эпизоотиясы кезінде әсіресе боталар мен тайлақтар ауырады. Эпизоотиялар арасындағы кезеңде, ауру, шешек бойынша тұрақты қолайсыз аймақтарда түйелер арасында энзоотия және әр 3-6 жыл сайын жиірек немесе сиректеу пайда болатын спорадиялық жағдайлар түрінде, негізінен 2-4 жастағы жануарлар арасында өтеді. Мұндай жағдайларда, жануарлардың ауыруы салыстырмалы түрде жеңіл өтеді, әсіресе жылы уақытта. Суық мезгілде шешек ауыр, ұзақ уақыт бойы және әсіресе төлде асқынулармен өтеді.

Жұқтыру тәсілі және қоздырғыштың берілу механизмі. Табиғи жағдайда, сау түйелер, вирусты, вируспен ластанған аумақтағы ауру жұқтырған малдармен жанасқан кезде зарарланған су, жем, үй-жай және күтім заттары арқылы, сондай-ақ аэрогенді және құрамында вирусы бар шіует, сілекей шашыраған кезде жұқтырады. Түйелер көбінесе вирус ағзаға тері және шырышты қабықтар арқылы түскен кезде, әсіресе олардың тұтастығы бұзылғанда немесе авитаминозы кезінде жұқтырады.

Түйелерде шешек симптомдарының ағымы мен клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең түйелердің жасына, вирустың қасиеттеріне және оның ағзаға ену жолдарына байланысты 3-тен 15 күнге дейін ауытқиды: жас төлде 4-7, ересектерінде 6-15 күн. Иммундалмаған түйелерден алынған боталар, төлденгеннен 2-5 күннен кейін ауыруы мүмкін.

Түйе шешегінің ағымы жасына байланысты да әр түрлі жүреді: жас түйелерде, әсіресе жаңа туылған төлде, көбінесе өткір (9 күнге дейін); ересектерде – жітілеу және созылмалы, кейде, буаз түйеде жиі латентті. Түйелерде шешектің ең өзіне тәнді түрі – аурудың жітілеу өтетін терілік түрі.

Аурудың жіті ағымы кезінде ауыздан және мұрыннан мөлдір, кейін бұлдыр сұршыл-ластау түсті шырыш бөлінеді. Жануарлар бастарын сілкілейді, пысылдап, пысқыра отырып, вирусқұрамды шырышты және вируспен зақымданған эпителийді шашыратады. Көп ұзамай еріннің, мұрынның және қабақтың аймағында ісіну пайда болады, кейде ол жақаралық аймаққа, мойынға және тіпті төс аймағына тарайды. Жақ асты және төменгі жақ лимфа түйіндері үлкейеді. Жануарлардың тәбеті төмендейді, олар жиі және әдеттегіден ұзағырақ жатып алады және көтеріліп тұруы қиындайды. Осы уақытқа қарай еріннің, мұрынның және қабақтың терісінде, ауыздың және мұрынның шырышты қабаттарында қызыл-сұр дақтар пайда болады; олардың астында тығыз түйіндер пайда болады, олар ұлғайып, ортасы төмен және шеттері құлақша тәрізді қалыңдана отырып сұр түсті папулаларға, содан кейін өлшемі бұршақ немесе урмебұршақтай болатын пустулаларға айналады.

Ауру түйелердің шешек дақтары басында жиі пайда болады. Бір жастан төрт жасқа дейінгі түйе ауыруы, әдетінше оңай өтеді. Зақымданулар бас терісінде, әсіресе ерін мен мұрын аймағында орын алады. Ұрғашы түйенің желіні зақымдануы да сирек емес. Бас аймағындағы шешектің бастапқы пустулаларының ашылғанынан кейін бірнеше күн өткен соң зақымдануы теріде және дененің басқа да аз жүнді жерлерінде (кеудесі, қолтық асты шұқырында, бұты мен ұмасында, тоқпан жілігі пен санының ішкі бөлігінде), ал ұрғашы түйеде қынаптың шырышты қабығында пайда болады. Осы уақытта түйелердің дене қызуы, кейде 41,5 °С дейін көтеріледі, ал ұрғашы түйелер жүктіліктің соңғы айларында шала туған және нашар дамыған төлді төлдейді, олар, әдетте, көп ұзамай өледі.

     

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Кейбір жануарларда көздің мүйізгек қабығы бұлдырланады (ақ шел), осының себебінен 5-10 күнге бір көзге уақытша соқырлық пайда болады, ал боталарда екі көзінің де көрмей қалуы жиірек. Туғаннан кейін көп ұзамай ауырған боталарда іші өтуі пайда болады. Бұл жағдайда аурудан кейін 3-9 күн ішінде олар өледі.

Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Түйе шешегіне балама жасау эпизоотологиялық деректердің, аурудың өзіне тән симптомдарының, патологоанатомиялық өзгерістердің, микроскопияның оң нәтижелерінің (жағындылар мен жаңа папулаларды Морозов бойынша күмістендіру әдісі арқылы өңдеу кезінде) немесе электрондық микроскопия және зертханалық зерттеулер: био сынамалар, ДПР, ИФТ және ПТР нәтижелері негізінде жүргізіледі.

Түйе шешегін, некробациллезден, ауру және өлген түйелерден алынған материалды микроскопиялық зерттеу жолымен, сондай-ақ некробациллезге шалдыққыш ақ тышқандарды эксперименталды жұқтыру арқылы саралау қажет. Аусылды жоққа шығару үшін теңіз шошқаларын, олардың табан терісінің плантарлы бетіне жұқтырады (аусыл кезінде теңіз шошқалары өзіне тән күлдіреуік пайда болуы арқылы ауырады). Зеңді зақымданулар мен қышыманы терінің зақымданған жерлерінен алынған қырындыларды микроскопиялық зерттеу арқылы жоққа шығарады. Аборт, түсік және уақытынан бұрын төлдеу жағдайларында (сарып (бруцеллез) ауруын жоққа шығару үшін) ауру ұрғашы түйелердің қан сарысуларын зерттейді (РА, РСК және бактериологиялық). Сондай-ақ, жас түйелердің басы (еріні мен мұрыны) тұсындағы зақымданумен сипатталатын жаппай ауруы болып табылатын шешекке ұқсайтын Ауыздық ауруын да электрондық микроскопия әдісімен жоққа шығару қажет.

Алдын алу. Түйе шешегі жағдайында вакцинация қорғаудың жалғыз әідісі болып табылады. Түйе шешегінің алдын алу үшін әлемде тірі және инактивтелген вакциналар әзірленген.

Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (OIE, 2008) деректеріне сәйкес аттенуацияланған және инактивтендірілген вакциналар коммерциялық тұрғыда қолжетімді болып табылады. Тірі аттенуацияланған вакцинамен вакцинациялау 12 айдан астам және инактивтендірілген вакцинамен вакцинациялау қайта вакциналациялаумен бірге 12 айға дейін қорғауды қамтамасыз етеді.

Түйе шешегіне қарсы вакцина «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ында да әзірленіп, Маңғыстау облысында сынақтан өткізілді.

Эпизоотикаға қарсы жалпы шаралар. Республикада эпизоотикаға қарсы шаралар «Адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алу және олармен күресу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық ережелер» ветеринариялық ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Қорытынды. Түйе шешегімен күрес ветеринариялық заңнамамен белгіленген ветеринариялық-санитариялық шараларды, малды ұстау-күтудың ережелерінің сақталуы, өзінің міндеттерін орындаудың тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарды жүргізу болып табылады.

 

Кеңес алу мәселелері бойынша ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-ына (726-36) 7-22-28 телефоны бойынша хабарласыңыз, электронды мекен-жайы: ribsp@biosafety.kz

 

Кеңес алу мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Мұратбай Альдибайұлы Мамбеталиевке хабарласыңыз, тел. +7(775)
-772-03-77

 

Кеңес алу мәселелері бойынша ветеринария ғылымдарының кандидаты Ербол Акенұлы Булатовқа хабарласыңыз,

тел. +7(701)-449-55-52

 

Кеңес алу мәселелері бойынша биология ғылымдарының кандидаты Қуандық Дәулетбайұлы Жүгінісовқа хабарласыңыз,

тел. +7(701)-449-55-52

Вакцинаны сатып алу мәселелері бойынша Сапа басқармасының басшысы Закир Джапарович Ершебуловқа хабарласыңыз,
тел.
+7(778)-881-46-83

Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы

Шығыстың Ұлы Ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойлық жылының салтанатты ашылуына арналып Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институтының Жастар ғылыми кеңесінің шеңберінде бас ғалым хатшы А.С. Нурпейсованың Әбу Насыр әл-Фарабидің рұхани құндылықтарына арналаған дәрісі тыңдалынды. Өз кезегінде А.С. Нурпейсова Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері әлемдік ғылым және мәдениет тарихында өзіндік берік орын алатындығын атап айтып, оның еңбектері европалық қайта жаңғырумен қатар Шығыспен Батыс мәдениетімен философиясын байланытырушы көпір болғандығын атап көрсетті.

 

Зұлым коронавирус 2019-nCoV

2019 жылдың аяғында Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында шығу тегі белгісіз пневмония тарауы байқалды. Сарапшылар мен ғалымдар коронавирустың жаңа түрі  аурудың қоздырығышы болып табылғандығын белгіледі.

Коронавирустар – 2020 жылғы қаңтардағы есеп бойынша адамды, мысықтарды, құстарды, иттерді, ірі қара малды, шошқаларды және қояндарды зақымдайтын 2 қосалқы ұрыққа біріктірілген вирустардың 40 түрін қамтитын тобы. Жаңа коронавирус 2002-2003 жылдары Қытайда пайда болған және дүние жүзі бойынша 800 адамның қайтыс болуына алып келген SARS вирусының бір түрі болып табылады. Коронавирустар, адамдарда кәдімгі тұмаудан бастап ауыр жіті респираторлық синдромға (АЖРС) дейінгі ауруларды тудыруы мүмкін.

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Таяу шығыс респираторлық синдромы (ТШРС) алғаш рет Сауд Арабиясында 2012 жылы баланған және одан кейін Азияның, Африканың және Еуропаның 26 мемлекетінде таралған жаңа коронавирустан туындаған (БВРС-КоВ) вирусты респираторлық ауру болып табылады. Бұл вирус басқа белгілі коронавирустардан,  оның ішінде ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС) тудыратын вирустардан ерекшеленеді,. БАҚ-та жарияланатын ресми деректердің нәтижелері бойынша, соңғы аптадағы ақпаратты талдау негізінде, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми хабарламалары мен ұстанымын ескере отырып, инфекцияның таралу қаупінің жоғарылығы туралы айтуға болады. Белгілі болғандай, материктік Қытайдан тыс 15 ел (Гонконг, Макао, Тайвань, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия және Германия), өз елдерінде айтулы індеттің пайда болғанын растады.

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

Бүгінгі күні, өте қысқа мерзімге қарамастан, Қытай ғалымдарымен геномның толық құрылымын ашылып беріліп, GenBank халықаралық базасында орналастырылды, бұл басқа елдердегі ғалымдардың жұмысын жеңілдетеді, өйткені осы деректердің негізінде қысқа уақыт ішінде ПТР негізінде диагностикалық тест-жүйені әзірлеу мүмкін.

Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның пайда болуы кезінде іс-қимыл алгоритмін, сондай-ақ аурудың алдын алдын алу шараларын әзірледі. Республика бойынша барлық жерлерде тұрғындарды қазіргі заманның зұлым вирусын жұқтыруының алдын алу және болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

(Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото)

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін коронавирус түрлерінің бірін зерттеу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-да Таяу шығыс респираторлық синдромының коронавирусын (БВРС-КоВ) зерттеу бойынша халықаралық жоба орындалды.

Аталған жоба шеңберінде республиканың бірнеше облыстарында түйелер мен жарқанаттар арасында коронавирустың таралуына мониторинг жүргізілді. ПТР әдісімен түйелерден 8200-ден астам сарысу сынамалары және 2500-ге жуық мұрын шайындыларының үлгілері, сондай-ақ жарқанаттардан 200 сынама БВРС-КоВ вирусының геномының болуына зерттелді.

Зерттеу нәтижелері бойынша мақалалар, соның ішінде халықаралық рейтингтік журналда жарияланды және нәтижелері екі халықаралық конференцияда баяндалды.

ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК 60 жылдан астам тарихы бар алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың бірі болып табылады. Институттың материалдық-техникалық жабдықталуы, биологиялық қорғаудың 2 және 3-ші деңгейлі (BSL-2, BSL-3) қазіргі заманғы ғылыми зертханаларының болуы, сондай-ақ жоғары білікті кадрлары шетелдік әзірлемелерден кем түспейтін алдыңғы қатарлы деңгейде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Институтта вирустардың генетикалық кітапханасының ең қуатты базаларының бірі бар, онда біздің ғалымдармен ашылып-анықталған вирустар мен бактериялардың генетикалық деректері сақталады.

Соңғы 25 жылда Институтта аса қауіпті ауруларды зерттеу, балау құралдарын әзірлеу (ПТР және ИФТ-зерттеулерге арналған тест-жүйелер, микрочиптер және т.б.) және алдын алу (пандемиялық және маусымдық тұмауға бруцеллез, туберкулез, шешек, аусыл, сиырлардың нодулярлық дерматиті және т. б. қарсы вакциналар,), барлығы 60-тан астам атау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді.

Гендік инженерия негізінде рекомбинантты штаммдарды алу технологиясы игерілді. Тұмауға, бруцеллезге, туберкулезге, шешекке, сиырлардың нодулярлық дерматитіне, сондай-ақ көптеген басқа ауруларға қарсы жаңа штаммдар мен вакциналар алынды,.

Яғни, біз қазіргі заманғы технологияларды, соның ішінде диагностикумдар мен вакциналардың жаңа ұрпақтарын құру үшін белсенді түрде пайдаланамыз,.

Аса қауіпті және қауіпті инфекциялардың өршуі кезінде ауруды тежеудің ең тиімді және пәрменді тәсілі вакцинация болып табылады. Ол үшін геномның құрылымы туралы деректерді пайдалана отырып, гендік-инженерлік, рекомбинантты штаммдар, вакцина әзірлеу үшін кандидаттар алынуы мүмкін. Бұл ретте Институтта бұрын алынған адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз, сыналған рекомбинантты вирустар донор (тасымалдаушы) ретінде қолданылуы мүмкін.

Қытайда коронавирустық инфекция өршуінің жоғары өзектілігін ескере отырып, біздің институттың ғалымдары диагностика құралдарын әзірлеуге кірісті және ПТР-балау үшін тест-жүйені дайындау жүргізілуде. Қаржыландыру болса, біз 10-15 күн ішінде тест-жүйені әзірлеу жұмыстарын аяқтай аламыз.

Біздің аса қауіпті инфекцияларға қарсы вакциналарды әзірлеу бойынша алдыңғы жылдардағы тәжірибеміз, бізге, қаржыландыру кезінде, дереу кірісуге және барынша қысқа мерзімде вирустың кандидаттық штаммын алуға дайынбыз деп үлкен сеніммен айтуға мүмкіндік береді, ал, вакцинаны әзірлеу тиісінше біраз уақытты алуы мүмкін. Мұнан бөлек, вакцинаға клиникалық сынақтар жүргізуді де ескеру қажет, ол да біраз уақытты талап етеді.

ПОЛИМЕРАЗАЛЫҚ ТІЗБЕКТІК РЕАКЦИЯ (ПТР) ӘДІСІМЕН ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ НОДУЛЯРЛЫҚ ДЕРМАТИТІН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТҰРҒЫДА БАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТЕСТ-ЖҮЙЕ

Ірі қара мал нодулярлық дерматитін балауға арналған отандық тест-жүйені жасау өзекті міндет болып табылады және ауруды ерте балау қажеттілігімен байланысты.

Полиеразалық тізбектік реакция әдісі арқылы жылдам және дәл балау, сонымен қатар, бақылау шараларын жылдам жүзеге асыру ел аумағында ірі қара мал нодулярлық дерматитінің алдын алу және таралуын болдырмау алу үшін өте маңызды.

Мәселенің аса өзектілігіне қарамастан, қазіргі уақытта Республикамызда ПТР негізіндегі ірі қара малдың нодулярлық дерматит вирусын балауға арналған отандық және коммерциялық жиынтық жоқ. осыған байланысты, бұл әзірлеме жоғары өнімді жүйелерді құруға негіз болуы мүмкін. 

Нодулярлық дерматитті ПТР негізіндегі сезгіштігі жоғары және ерекше тест-жүйемен балау патологиялық материалдан нодулярлық дерматит вирусының ДНҚ-ын дәл және өте тез (5-6 сағат) анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, көптеген сынамаларды бір мезгілде зерттеу де мүмкін болып табылады.

Тест-жүйе, ІҚМ нодулярлық дерматит вирусын балаумен айналысатын зертханалар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде қолдануға тиімді болып табылады.

ПТР тест-жүйесінің басты артықшылықтары болып оның ерекшелік-тәнділігінің жоғарылығы, сезгіштігінің жоғарылығы, ПТР қолдану арқылы зерттеу нәтижелерін тез алу жылдамдығы табылады. Бұл тест-жүйе бағасы мен сапасы бойынша шетелдік аналогтардан кем емес.

Жоба жетекшісі К.Т. Султанкулова және жобаның жауапты орындаушылары К.А. Шораева, М. Д. Алмежанова ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК базасында тест-жүйеге апробациялық сынақ жүргізіп, тіркеу куәлігін алды.