Халықаралық ынтымақтастық

·АҚШ қорғаныс министрлігінің қатерді азайту жөніндегі Агенттігінің (DTRA) қолдауымен БҚПҒЗИ- дағы аймақтық диагностикалық зертхана құрылысын салу және жарақтандыру;

БҚПҒЗИ-ның бүкілдүниежүзілік культуралар жинағы федерациясына (WFCC) кіруі;

БҚПҒЗИ-ның құс тұмауының таралуын қадағалау жөніндегі Халықаралық консорциумға қабылдануы;

АҚШ қорғаныс министрлігін қатерді азайту жөніндегі Агенттігінің (DTRA) қаржылық қолдауымен институтта вирустық және бактериальдық этиологиясының аса қауіпті инфекциялық қоздырғыштарымен ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін биологиялық қауіпсіздіктің (BSL – 3) деңгейіне сәйкес зертхана құрылысы аяқталуда;

Фитопатология саласында СИММИТ миссиясын жүзеге асыруға БҚПҒЗИ-ның аймақтық белсенді қатысуы;

A/H5N1 және A/H1N1 жоғарыпатогенді тұмауына қарсы тұмауға қарсы вакцина жасау бойынша Дүніежүзі денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҮ) және CDC ұйымдарымен өзара серіктестігі;

ДДСҰ жобасына дамушы елдерге тұмауға қарсы вакциналар өндірісінің технологиясын трансферлеу бойынша қатысу;

CRDF KZ -27 жобасы. Құс тұмауы вирусының биологиялық қасиеттеріне эпизотологиялық мониторинг және зерттеу жүргізу;

«Туберкулездің спецификалық алдын алу үшін вакцинаны әзірлеудің технологиясын жасау және клиникалық сынақтан өткізу» жобасы бойынша Aeras компаниясымен (Билл және Мелинда Гейтс, АҚШ Қорының еншілес компаниясымен), MRIGlobal АҚШ компаниясымен, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің тұмау ғылыми зерттеу институтымен серіктестік.