Ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жүргізелетіні туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жүргізетінін жариялайды

ҚР БҒМ ҒК БҚПҒЗИ РМК ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жүргізетінін жариялайды: зертхана меңгерушісі – 1 бірлік; жетекші ғылыми қызметкер – 2 бірлік; аға ғылыми қызметкер – 5 бірлік; ғылыми қызметкер – 6 бірлік; кіші ғылыми қызметкер – 6 бірлік.

Біліктілігіне қойылатын талаптар:

Зертхана (бөлім) меңгерушісі біліктілігіне қойылатын талаптар:

Ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе PhD доктор ғылыми деңгейі. Ғылыми еңбектерінің болуы. Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Соңғы 5 жылда:

— 7-ден кем емес ғылыми еңбектерінің (монографиялар, рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар, өнертабысқа берілген патенттер, белгіленген тәртіпте тіркелген ғылыми есеп берулер);

— ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесінің;

— конференцияларда баяндаушы ретінде қатысуының;

— ҚР БҒМ ғылыми гранттары, бағдарламалары бойынша зерттеулерді басқаруының бар болуы тиіс.

Жетекші ғылыми қызметкер біліктілігіне қойылатын талаптар:

Ғылыми деңгейі берілгеннен кейін ғылыми жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмайтын ғылым докторы, ғылым кандидаты немесе PhD доктор ғылыми деңгейі. Ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа берілген авторлық куәліктерінің, сонымен қатар, іске асырылған ірі жобалары мен әзірлемелерінің бар болуы.

Соңғы 5 жылда:

— 7-ден кем емес ғылыми еңбектерінің (монографиялар, рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар, өнертабысқа берілген патенттер, белгіленген тәртіпте тіркелген ғылыми есеп берулер);

— ғылыми конференцияларда (симпозиумдарда) баяндамасының;

— ҚР БҒМ ғылыми гранттары, бағдарламалары, халықаралық келісімшарттар (шарттар, келісімдер) бойынша жұмыстарды басқаруының бар болуы тиіс.

Аға ғылыми қызметкер біліктілігіне қойылатын талаптар:

ЖОО-нан кейінгі білімі және тиесілі мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 10 жылдан кем емес, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа берілетін авторлық куәліктерінің бар болуы. Ғылыми деңгейінің бар болуы кезінде – жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды.

Соңғы 5 жылда:

— 5-тен кем емес ғылыми еңбектерінің (монографиялар, рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар, өнертабысқа берілген патенттер, белгіленген тәртіпте тіркелген ғылыми есеп берулер);

— ҚР БҒМ жобалары, бағдарламалары, ҚР БҒМ ғылыми гранттары халықаралық қорларының жауапты орындаушысы ретінде қатысуының бар болуы тиіс.

Ғылыми қызметкер біліктілігіне қойылатын талаптар:

ЖОО-нан кейінгі білімі және тиесілі мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабысқа берілетін авторлық куәліктерінің бар болуы. Ғылыми деңгейінің бар болуы кезінде – жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды.

Соңғы 5 жылда:

— 3-тен кем емес ғылыми еңбектерінің (монографиялар, рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар, өнертабысқа берілген патенттер, белгіленген тәртіпте тіркелген ғылыми есеп берулер);

— ғылыми конференцияларда (симпозиумдарда) баяндама авторы ретінде қатысуының;

— ҚР БҒМ бағдарламалары бойынша жұмыстарды орындаушы ретінде қатысуы.

Кіші ғылыми қызметкер біліктілігіне қойылатын талаптар:

ЖОО-нан кейінгі тиесілі мамандығы бойынша білімі және тиесілі мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес. Ғылыми деңгейінің бар болуы, аспирантураны (докторантураны) тәмамдауы және тағылымдамадан өтуі  кезінде – жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды. Жоғарғы оқу орындарының (факультеттерінің) кеңестерінің ұсыныстарының бар болуы кезінде кіші ғылыми қызметкер лауазымына оқу кезеңінде жұмыс тәжірибесін алған жоғарғы оқу орындарының (магистратура) түлектері бірыңғай жағдай ретінде орналастырылуы мүмкін.

Жарияланымдарының бар болуы, ғылыми жиындарда, семинарларда, конференцияларда баяндама авторы ретінде қатысуының бар болуы.

Конкурсқа қатысуға қызығушылық білдірген тұлғаларға арналған құжаттар тізімі:

1) БҚПҒЗИ бас директорының атына жазылған өтініш;

2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы мен бірге фотографиясы;

3) соңғы жұмыс орнынан берілген мінездеме (аттестация);

4) жеке басын куәландыратын құжат;

5) жоғарғы кәсіби және ЖОО-нан кейінгі білімі, академиялық және ғылыми деңгейі/атағы туралы дипломдарының көшірмелері;

6) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттарының көшірмелері (бар болуы кезінде);

7) ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі.

Ескерту: БҚПҒЗИ қызметкері болып табылмайтын тұлғалар, жоғарыда көрсетілген құжаттардан бөлек, тиесілі ғылыми зерттеулер салаларында жұмыс атқаратын беделді ғалымдардың кем дегенде екі ұсынысын тапсыруы тиіс.

Құжаттарды қабылдау келесі мекенжай бойынша жүргізіледі:

Конкурсты жүргізудің күні мен уақыты: 2018 жылдың 15 қарашасы сағат 14.30.

Конкурсты жүргізудің орыны: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қтк, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.

Құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 8 қарашасы сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі.

БҚПҒЗИ-да бос лауазымдарға орналастыруға конкурс жүргізудің тәртібі мен шарттары туралы қосымша ақпаратты8 (72636) 7-22-28 телефоны

ribsp@biosafety.kz электрондық поштасы арқылы біле аласыз.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қтк, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны.

1 2