Мектепке жол

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министірлігінің бастамасымен «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» дәстүрлі  республикалық қайырымдылық акциясы 2017 жылдың 28 тамыз күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейск елді мекеніндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында өткізілді.

БҚПҒЗИ Бас директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Облыстық Мәслихат депутаты Сансызбай Абылай Рысбайұлы және «Биопрепараттарды және технологияларды бақылау» зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» партиясы «Гвардейск» БПҰ төрағасы Касенов Мархабат Мелісбекұлы ұжым атынан Гвардейск қалашығында № 43 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің оқушыларын келе жатқан оқу жылымен құттықтап мектепке қажетті заттарды табыс етті.  БҚПҒЗИ ұжымы акция барысында көмекке мұқтаж, жағдайы нашар және көп балалы отбасылардағы 5 балаға мектеп және спорт формалары, аяқ киімдер және мектепке қажетті заттарды алуға 116 330 (бір жүз он алты мың үш жүз отыз) теңге жұмсады.